6B04103 – Өндірістік жүйелерді Бизнес-басқару (Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламасы)

БАКАЛАВРИАТ • 4 ЖЫЛ

Бағдарлама туралы

Тиімді өндірісті қалай ұйымдастыруға, шығындарды оңтайландыруға және жеткізу тізбектерін басқаруға болады? Бағдарлама өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасын, өндірісті ұйымдастыруды, логистика мен менеджментті біріктіреді.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Өндірісті ұйымдастыру және басқару саласында білімі мен дағдылары бар, өндірістік жүйелердің ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамаларын жобалау, өнеркәсіптік кәсіпорындар экономикасы, жеткізу тізбектері мен қорларды жоспарлау және басқару міндеттерін кәсіби деңгейде тұжырымдап, тиімді шеше алатын құзыретті мамандарды даярлау.

Түлек бейіні

Түлек өндірісті ұйымдастыра алады, ресурстарды жоспарлайды, жеткізу тізбектері мен қорларды басқарады, контроллинг құралдарын қолданады, өндірістің сапасы мен тиімділігін арттырады

Нені үйренесіз?

Өндірісті ұйымдастыру; ресурстарды жоспарлау; жеткізу тізбектері мен қорларды басқару; контроллинг; өндірістің сапасы мен тиімділігін арттыру.

Кім болып жұмыс істей аласыз?
  • Өндірісті стратегиялық және тактикалық жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі маман;
  • Машина жасау ұйымдарының жеткізу желілерін ұйымдастыру жөніндегі маман;
  • Өнім сапасы жөніндегі маман;
  • Авиация техникасын жасау саласындағы жеткізу тізбектерін басқару жөніндегі маман;
  • Машина жасау ұйымдарындағы контроллинг жөніндегі маман;
  • Механикалық құрастыру өндірістерінің технологиялық кешендерін жобалау жөніндегі маман.
Берілетін дәреже

«6B04103 — Өндірістік жүйелерді бизнес-басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.

Қос дипломды білім беру

Серіктестер және кәсіптік практика

«ӨК ТМК» АҚ, «Біріккен энергосервистік компания» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақ мамандандырылған жөндеу-баптау кәсіпорны» ЖШС, «Қазмонтажавтоматика» ЖШС және т.б.

Шақырылған шетелдік ғалымдар

2025–2026 жылдары Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Бизнес мектебі білім беру процесін интернационалдандыру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және студенттерді даярлау сапасын арттыру аясында Түркия, Польша, Испания және Малайзиядан шетелдік ғалымдарды тартты.

Ғылыми-зерттеу жұмысы және студенттердің жетістіктері
Соңғы өзгерістер күні:
27.11.2026