Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы мен Германия аумағында сыртқы қаржыландыру көздерін тарту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде:

  • Халықаралық ғылыми жобаларды таңдау, бастау және жүзеге асыру;
  • Қос диплом бағдарламаларын қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  • Сапаны қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу;
  • Студенттер, оқытушылар және ғылыми зерттеушілердің академиялық мобильдігі.

Қазіргі уақытта келесі нәтижелер алынған:

1. TiBeRIUM – Titanium and Beryllium for European Resilience and Innovative Utilization of Minerals халықаралық ғылыми жобасы Horizon Europe бағдарламасы, Pillar 2 аясында жеңіп алынды.
Координатор – КНҒТ стратегиялық серіктесі Фрайберг тау-кен академиясы.
Жобаның жалпы бюджеті – 8 млн евро.

2. 2026-2028 жылдарға арналған төрт білім беру жобасын іске асыру үшін шетелдік қаржыландыру алынған:

  • DAAD ISAP бағдарламасы (қос диплом «Қолданбалы геология», оқытушылар мен магистранттардың академиялық мобильдігі; серіктес – Бохум Рур университеті);
  • DAAD Ostpartnerschaften бағдарламасы (серіктес – Нюрнберг Қолданбалы ғылымдар университеті; Business Campus Week, жазғы мектептер және конференцияларға қатысу);
  • g.a.s.t. тест орталығы (TestDaF және TestAS емтихандарын онлайн форматта өткізу; серіктес – Бохум Рур университеті);
  • Халықаралық жазғы мектеп StemCamp (2026 жылы 8–9 маусым; қатысушылар – 9–11 сынып оқушылары және жас ғалымдар; ұйымдастырушылар – Бохум Рур университеті, Дортмунд Техникалық университеті, Дуйсбург-Эссен университеті).
Соңғы өзгерістер күні:
17.02.2026