ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның ғылыми жұмысы тіл теориясы, лингвистикалық этномәдениет, қазақ, орыс тілдерін оқыту әдістемесі бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Кафедраның мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Техникалық жоғары оқу орыны бакалаврларының өзбеттілігі мен креативтілігін дамыту негізінде «қазақ (орыс) тілі» және «кәсіби қазақ (орыс) тілі» пәндерінен өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі».

ПОҚ біліктілігін көтеру және дайындау біліктілікті көтеру курстарында оқу, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы жүзеге асады. Кафедра қызметкерлері халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысады және мақалалар мен баяндама тезистерін жариялайды.



Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы келесі жағдайлар бойынша жүзеге асырылады:

  • Халықаралық конференцияларға, конгрестерге, Ресей, Украина, Чехия, Испания, Болгария және т.б. елдердің форумдарына қатысу.
  • Халықаралық журналдарда және Қытай, Польша, Чехия, Ресей жинақтарында басылу.

Кафедрада екі лаборатория жұмыс атқарады:

  • Руханият орталығы және қолданбалы әлеуметтік лингвистика. «Руханият» орталығы студенттерге, кәсіптік-біліктілік компетенциясын мемлекеттік тілде жетілдіру мақсатында қызметкерлер және университеттің профессор-оқытушылар құрамы, өндіріс мамандары мен мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны қолдану мен зерттеумен айналысады.
  • Орталық жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ш. Мешімбаева, орынбасары - Ж.Д. Әділбаева.

Орталықтың мақсаты мен міндеттері:

  • ҚР «Тілдер туралы» Заңын және тілдерді дамыту мен қолдануға қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуын жүзеге асыру;
  • қазақ, орыс тілдерін және ісқағаздарын оқытудың лингвистикалық, педагогика-психологиялық, әдістемелік негіздерін теориялық және практикалық тұрғыда зерттеу;
  • облыс көлемінде мемлекеттік тілді және ісқағаздарын жүргізуді оқыту бойынша курстарды ұйымдастыру және қол жеткізген нәтижелердің мониторингін жасау;
  • қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту, қазақ, орыс тілдерінің қолданыс мәдениетін арттыру, тіл арқылы қоғамда рухани дамуға және ізгілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету ісі 

Курс бағдарламалары мамандыққа және оқыту мақсатына сәйкес құрастырылады. 

  • Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете деңгейлік оқытубағдарламасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете деңгейлік оқыту Тұжырымдамасы, стандарты, тиіптік бағдарламасы (Астана, 2007) негізінде құрастырылған және ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен келісілген.
Бағыты: Берілген бағыт бойынша жобаның атауы

Жоба туралы қысқаша ақпарат: мақсаты және күтілетін нәтиже

Орындаушылар және байланыс ақпараты

1

Тақырыбы: «Тілді оқытудағы өзбеттілік қызметті ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері»

Мақсаты: Жаңа білім беру парадигмасында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда теориялық және тәжірибелік проблемалар, рөлі және онда АКТ-ның (ақпараттық-коммуникативтік технология) орны, жоғары оқу орнында өзіндік жұмыстардың инновациялық түрлері және ұйымдағы пәнаралық мүмкіндіктер  қарастырылады.   Күтілетін нәтиже:

  • Құсманова К.А. Монография «XIX ғасырдың II жартысындағы айтыс өлеңдерінің тілдік ерекшеліктері»;
  • Құсманова К.А., Абилмажинова А.Б Кәсіби-бағдарланған қазақ тілінен «Радиотехника» мамандығына арналған оқу құралы;
  •  Сурова Д.С. 1 курс студенттеріне арналған «Русский язык» оқу құралы;
  • Асавбаева Г.Б., Окушева Г.К. Барлық мамандықтың 1 курс студенттеріне арналған «Русский язык: научный стиль» оқу құралы;
  • Окушева Г.К. Барлық мамандық студенттеріне арналған «Орыс тілі» пәнінен электрондық оқулық.

ҚжОТ