ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның ғылыми жұмысы тіл теориясы, коммуникативтік лингвистика, социолингвистика, қазақ және орыс тілдерін оқыту әдістемесі бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Кафедра оқытушылары халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады және өз зерттеулерінің нәтижелерін халықаралық журналдар мен жинақтарда жариялайды.

Кафедра республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар ұйымдастырады және өткізеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай ілімі – руханият негізі"конференциясы бір онлайн алаңда Қазақстан, Ресей және басқа елдердің абайтанушы ғалымдарының басын қосты(https://egemen.kz/article/237297-shyghys-qazaqstan-oskemende-abay-ilimi-%E2%80%93-rukhaniyat-negizi-taqyrybynda-konfere).

Ғылыми семинарлар – қазақ графикасының латын әліпбиіне көшуі туралы лингвистикалық орталықтағы семинар тәжірибесімен бөлісудің тамаша мүмкіндігі.

Кафедра оқытушылары конкурстарға (Ресей), симпозиумдарға (Түркия), конференцияларға қатыса отырып, өздерін халықаралық аренада лайықты көрсете біледі.

Кафедраның мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Техникалық жоғары оқу орыны бакалаврларының өзбеттілігі мен креативтілігін дамыту негізінде «Қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» пәндерінен өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі»

Университетіміздің гуманитарлық білім беру факультеті, қазақ, орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, «Абай» клубының жетекшісі Бакиева Алия Какимовна Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтері, ЖОО және колледж оқытушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік магистрі» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Білім және ғылым жолындағы жеткен жетістіктері үшін «Қазақстанның үздік магистрі» атты төсбелгімен марапатталып, куәлік берілді.да