Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шығарып отырған «Ұлы Абаймен үндесу» жыр жинағына жас ақындардың хакім Абайға арнаған жүрекжарды жырлары топтастырылған. Бұл жинақ - жастардың Абай мұрасымен сырласуы, рухани үндестігі мен ой сабақтастығының көрінісі. Абайдың даналық жолын замана үнімен жаңғыртқан жас толқын өлеңдері оқырманды ізгілік пен парасатқа үндейді.
Осы жинаққа біздің университетімізден «Абай» клубының мүшесі, 23-ТТК-1 тобының студенті Оразкенова Аймарал Есетқызының Қазақтың қамын ойлар біртуар» атты өлеңі ұсынылып, жарияланды.
