2026 жылдың қаңтар айында өткен Республикалық "Ілияс оқулары" конкурсына университетіміздің "Абай" клубы мүшелері қатысып, жүлделі орындар алды. Қатысқан студенттер ішінен топ жарып, 1-орын иеленген Ғазиз Дамеля, Құрманғали Дильназ, Амангелді Мирас болды.
Клуб жетекшісі Әлия Кәкімқызы Бакиева конкурсқа жеңімпаз тәрбиелеп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.



