2026 жылғы 13 ақпанда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде «Ауған соғысының жаңғырығы» атты іс-шара өтті, ол Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналды. Іс-шараны «Жас Сарбаз» клубының мүшелері ұйымдастырып, бай патриоттық бағдарлама әзірлеп, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – тарихи естелікті сақтау, жастарда патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті және интернационалист-жауынгерлердің ерлігін құрметтеуді қалыптастыру. Кездесу барысында әскери-патриоттық әндер орындалып, тақырыптық қойылымдар көрсетілді және Ауған соғысы оқиғаларына арналған ақпараттық материалдар дайындалды.

Почетті қонақтар ретінде Ауған соғысының ардагерлері С.И. Веселков және В.М. Затримайлов қатысты. Олар «Жас Сарбаз» клубының мүшелері мен Әскери кафедра курсанттарына өз қызметтегі естеліктерімен бөлісті, жауынгерлік бауырластық, табандылық пен антқа адалдық жайлы әңгімеледі. Ардагерлер өз сөздерінде Отанды қорғау — әрбір Қазақстан Республикасының азаматы үшін қасиетті және абыройлы борыш екенін атап көрсетті.

Ардагерлерді құттықтау үшін Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің Ардагерлер кеңесінің мүшесі Д. Касенов, Әскери кафедра бастығы подполковник Е.Н. Акимканов және Кәсіподақ комитетінің өкілі Б. Сейтқасымова сөз сөйледі. Олар әскери борышын атқаруда көрсеткен ерлік пен табандылық үшін алғыс білдіріп, ардагерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шараны ұйымдастырып, үйлестірген – НВТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы подполковник Т.М. Егембердинов.

Мұндай іс-шараларды өткізу ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, ел тарихына құрметті қатынасты қалыптастырады және жастарды Отанға қызмет етуге, оның мүддесін қорғауға дайындайды.