Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанының 34 жылдығына орай Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Колледждер арасында әскери қолданбалы спорт түрінен сайыс өтті. Сайысқа облыс аумағынан 8 Колледжден командалар қатысты. Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ Жоғарғы IT Колледждің командасы 3- орынға ие болды. Сайыста жеке көрсеткіштері үшін команда мүшелері Диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.