2026 жылғы 5 сәуірде колледж әкімшілігі, оқытушылар мен еріктілер қалалық сенбілікке белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен абаттандырылуы жолында күш біріктірді.

Таңертеңнен бастап сенбілікке қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарына ұйымшылдықпен кірісті. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген колледж ұжымы аумақты ретке келтіріп, жолдар мен жасыл аймақтарды тазалады, қоқыс жинап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік ұйымшылдық, өзара көмек және көтеріңкі көңіл күй атмосферасында өтті. Көктемгі таза ауа, белсенді еңбек пен ортақ игі іс қатысушыларды біріктіріп, барлығына жағымды әсер сыйлады. Осындай шаралар қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып қана қоймай, ұжымдық рухты нығайтуға, экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.