
Жобаның атауы: Жасанды интеллектті пайдалану негізде кәсіпорынның жұмыс үрдісін басқару жүйесін әзірлеу
Конкурс атауы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті неғұрлым перспективалы коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру
Жоба жетекшісінің ТАӘ регалияларымен: Рыскалиев Ержан Төлегенұлы, «Клокстер» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры.
1. Жобаның зерттеу тобы (олардың сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері)
| № | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері | 
|---|---|---|---|
| 
 1.  | 
 Рыскалиев Ержан Төлегенұлы  | 
 Ғылыми жетекші  | 
 
  | 
| 
 2.  | 
 Сейфуллин Ануар Мұқатович  | 
 Коммерцияландыру бойынша маман  | 
 
  | 
| 
 3.  | 
 Әбішев Темірлан Сайранұлы  | 
 Сатылымдар жөніндегі директор  | 
 
  | 
| 
 4.  | 
 Ерназаров Арман Тілектесұлы  | 
 Өнім жөніндегі директор  | 
 
  | 
| 
 5.  | 
 Рахимбаев Жантас Мәулетқалиұлы  | 
 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша маман  | 
 
  | 
| 
 6.  | 
 Хасенова Зарина Төлеубекқызы  | 
 Жоба үйлестірушісі  | 
 Scopus Author ID = 57205141835, https://orcid.org/0009-0001-1417-7793 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57205141835 
  | 
2. Жобаның аңдатпасы (өзектілігі, мақсаты (250 сөзден аспауы тиіс))
Жоба «Клокстер» ЖШС-нің қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз ету модульдеріне жасанды интеллектіні қолдана отырып, кәсіпорынның жұмыс процестерін басқару жүйесін біріктіруге арналған. Бұл бастама бизнес-процестерді оңтайландыруға, тиімділікті арттыруға және негізгі операцияларды автоматтандыруға бағытталған.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен деректер көлемінің өсуі жағдайында кәсіпорындар бизнес-процестердің тиімділігін арттыру үшін персоналды басқаруды автоматтандыру қажеттілігіне тап болуда. Жұмыс процестерін ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмей, жасанды интеллектіге негізделген интеллектуалды шешімдерге деген сұранысты арттыруда.
3. Мақсаты: ресурстарды максималды тиімділікке және оңтайлы пайдалануға қол жеткізу үшін жасанды интеллектті қолдану негізінде кәсіпорын менеджментінің басқару міндеттерін кешенді шешу.
4. Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:
| 
 Год  |  
 Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат  | 
|---|---|
| 
 2024 жыл  | 
 - талаптар жиналып, архитектурасы әзірленді; - прототип жасалып, пайдаланушылармен өзара әрекеттесу алгоритмдері реттелді; - интерфейс әзірленіп, ЖИ (жасанды интеллект) моделімен интеграция жасалды; - жұмыс ауысымдарын болжау модулін жасауға дайындық жұмыстары жүргізілді; - жабдық сатып алынды; - Clockster жүйесі мен оның негізгі модульдері туралы бейнеролик дайындалды.  | 
| 
 2025 жыл  | 
 Clockster жүйесі мен сыртқы жүйелердің деректер базасына негізделген жұмыс ауысымдарын болжауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің веб-нұсқасы, тестілеу хаттамасы, функционалы сипатталған бекітілген есеп, авторлық куәлік, ЖИ негізіндегі коммуникация модулі бойынша бекітілген есеп.  | 
| 
 2026 жыл  | 
 Тапсырма менеджері модулінің нұсқасы (скриншоттар, демо-нұсқа), тестілеу хаттамасы, функционалы сипатталған бекітілген есеп, ЖИ негізіндегі жалақы есептеу модулінің нұсқасы.  | 
08.02.2025