«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рагданова Алтынай Айбековнаның «Шығыс Қазақстанның кенді құрылымдарында мыс-порфирлі кенденуді шоғырлану критерийлері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің» Жер туралы ғылымдар мектебінде орындалған.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілер:
- Матайбаева Индира Едылевна – философия докторы (PhD), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Долгополова Алла – Импер колледждің философия докторы PhD, табиғи тарих мұражайының (CERCAMS) Ресей және Орта Азия Минералды Зерттеулер орталығының зерттеушісі, Лондон қ., Ұлыбритания.
Рецензенттер:
- Исатаева Фарида Муратовна – философия докторы (PhD), «Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 5;
- Бекботаева Алма Анарбековна – философия докторы (PhD), «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институты «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Алматы қ. Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 12.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Даутбеков Дияс Оразханович – философия докторы (PhD), «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар Институтының аға ғылыми қызметкері Хирш индексі - 4;
- Бисатова Айнель Ержановна – философия докторы (PhD), «BLT Project» ЖШС жетекші геологы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 5;
- Жураев Мехрож Нуриллаевич – геология-минералогия ғылымдары бойынша философия докторы (PhD), Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық унивеситеті «Геология, кен орындарын іздеу және барлау» кафедрасының доценті, Ташкент қ. Өзбекстан. Хирш индексі - 1.
Қорғау 2026 жылдың 27 ақпан айында, сағат 10.00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Д. Серікбаев көшесі, 19, Г1-115 аудитория.
Сайт адресі: www.ektu.kz
ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/j/89447691404?pwd=ndqADbav8uGa1dua9aFfuhdUVebIMP.1
Конференция идентификаторы: 894 4769 1404
Коды: 011464
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 27.01.2026
Жариялау күні: 27.01.2026
Соңғы өзгерістер күні:27.01.2026