«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ескалиев Ертай Талгатовичтың «Батыс Қалба алтын кен белдеуі мысалында заманауи спутниктік технологияларды пайдаланумен алтын кен орындарын болжау әдістемесі» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің» Жер туралы ғылымдар мектебінде орындалған.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: ағылшын.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Мизерная Марина Александровна – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Рахымбердина Маржан Есенбековна - философия докторы (PhD), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы, қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
  3. Шульц Роман – техникалық ғылымдарының докторы, Король Фахд атындағы Мұнай және минералдар университетінің профессоры, Дахран қ., Сауд Арабиясы.

Рецензенттер:

  1. Sawaid ABBAS - философия докторы (PhD), Жерді қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер саласындағы және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы, Пенджаб университетінің, жетекші ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессоры, Лахор қ., Пәкістан. Хирш индексі – 30.
  2. Бекботаева Алма Анарбековна – философия докторы (PhD), «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институты «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Алматы қ. Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 12.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бисатова Айнель Ержановна – философия докторы (PhD), «BLT Project» ЖШС жетекші геологы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 5;
  2. Сүйекпаев Ертлек Серикканович – философия докторы (PhD), «Green Solutions Associates» ЖШС директоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы. Хирш индексі-3;
  3. Ejaz Hussain - философия докторы (PhD), деканның орынбасары, Географиялық ақпараттық жүйелер институты, Ғылымдар мен технологиялар ұлттық университеті (NUST), Исламабад қ., Пәкістан. Хирш индексі – 13.

Қорғау 2026 жылдың 27 ақпан айында, сағат 14.00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Д. Серікбаев көшесі, 19, Г1-115 аудитория.

Сайт адресі: www.ektu.kz 

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/89447691404?pwd=ndqADbav8uGa1dua9aFfuhdUVebIMP.1

Конференция идентификаторы: 894 4769 1404

Коды: 011464


 

Диссертация

Аңдапта

Аннотация

Abstract

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекші пікірі

Ғылыми жетекші пікірі

Шетелдік кеңесші пікірі

Этикалық комиссияның қорытындысы

Жариялау күні: 27.01.2026


Рецензия 1

Рецензия 2

Бейресми пікір жазу

Жариялау күні: 27.01.2026

Соңғы өзгерістер күні:
06.02.2026