Ағымдағы жылдың 9-10 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Жастар шығармашылығы Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың VI Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өткізіледі.
Конференцияда қарастырылатын бағдарламалар: пленарлық отырыс (конференцияның ашылуы, негізгі баяндама), секциялық (конференцияға қатысушылардың қатысуы), қорытынды отырыс және дөңгелек үстел өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
- Құрылыс және архитектура инновациясы;
 - Экономиканы басқару мәселелері қоғамның инновациялық дамуы;
 - Тау кең-металлургиялық саласыныңкөкейкесті мәселелері;
 - Білім,ғылым және техникада, информамациялық-комуникациялық технологиялар (ИКТ);
 - Энергетика және энергия үнемдеу;
 - Машина жасау, транспорт және агроөнеркәсіп саласында инновациялық дамуы;
 - Әлеуметтiк-гуманитарлық ғылыми рөлі және шет тілдерінде инновациялық процестерді дамыту;
 - Әскери ғылым және дене шынықтыру.
 
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның негізгі күндері:
- конференцияның қатысушыларын тіркеу – 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап;
 - конференция материалдарын қабылдау - 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап;
 - конференция материалдарын қабылдауды аяқталуы - 2020 жылдың 1 наурызына дейін;
 - төлем ақысын төлеу - 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін;
 - конференцияның өткізілуі - 2020 жылдың 9-10 сәуір аралығында.