1. Жобаның атауы: «Инженерлік кадрларды практикалық бағытта даярлау моделі»
2. Мақсаты – жоғары технологиялық өндіріс үшін академиялық қызметті ұйымдастырудың практикалық бағытталған платформасын қалыптастыру.
3. Міндеттері:
- Университеттің инженерлік білім беру жүйесін CDIO (Conceive-Design-Implement-Operate/Ойлап тап – Жобала – Іске асыр – Басқар) қағидаттарына негізделген Құзыреттілік орталықтары мен технологиялар трансферті базасында жетілдіру.
 - Университет түлектерінің негізгі инженерлік дағдыларын, кәсіби және зерттеу құзыреттерін, soft skills, эмоционалдық интеллектін цифрлық ізді талдау және оқу нәтижелерін жинақтау негізінде қалыптастыру.
 
4. Жобаның басталу және аяқталу мерзімі: 20.11.2020 – тұрақты
5. Күтілетін нәтижелер:
- Үздік талапкерлерді іріктеу.
 - Бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі.
 - Инженерлік білім берудің халықаралық кеңістікке интеграциясы.
 - Өндіріс қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын әртараптандыру.
 - Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және ұлттық кәсіпорындармен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
 - Кәсіби практиканы теориялық оқытумен интеграциялау.
 - Оқу процесін бақылау мен мониторингтің жаңа әдістерін енгізу: цифрлық із (мониторинг және бағалау), FeedBack.
 
13.02.2025