Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Үндістан Республикасы Ұлттық Кадет Корпусының делегациясы келді.

ШҚТУ халықаралық қарым-қатынастарының тарихы қандай бай болса, географиялық ауқымы да сәйкесінше кең. Осындай бірі және бірегейі ынтымақтастықтың аясында Үндістан елінен 14 адамнан құрылған делегация келді.

Естеріңізде болса, ШҚТУ әскери кафедрасының офицерлері мен студенттері Үндістанда 8 рет болып, түрлі республикалық шараларға қатысып, Дели, Джайпур, Агра, Биканер, Джайсалмер қалаларын және әлемнің жеті кереметінің бірі Тәж-Махал сарайын тамашалаған болатын.

Бұл жолы Үндістан Ұлттық Кадет Корпусынан 14 адам Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға келді. Құс қанаты талар, алыс елден келген қонақтар екі ел жастарының бір-бірінің мәденитін тануы және Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында келіп отыр.

Кадет тәрбиеленушілері бір апта көлемінде ШҚТУ материалдық-техникалық базасымен, өңірдің таңғажайып жерлерімен танысады. Бұдан бөлек, кадет тәрбиеленушілеріне спорттық ойындар, Өскемен қаласындағы Үндістан мәдени орындарындағы шаралар, «Простор» студенттік сауықтыру лагеріне сапар, Бұқтырма су қоймасы жағалауында спорттық тимбилдинг ұйымдастырылады.

ФОТО...