10 наурыз күні  Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің бас ғимаратының салтанат залында Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде магистратураның бірінші түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасы өтті.

Диплом «Техника және технологиялар магистрі» біліктілігімен Металлургия мамандығының «түсті, асыл, сирек және шашыранды металлдарды алудың инновациялық технологиялары», Машинажасау  мамандығының «тау-кен қазу машиналарынның өндірісі мен машинажасаудағы инновациялар мен инжиниринг» білім бағдарламаларын аяқтаушы түлектерге берілді.

Дипломды табыстау салтанатына «Азия Авто» АҚ, ВНИИцветмет, «Өскемен технологиялық құрылғылар зауыты», «Евротехсервис К» ЖШС ВК филиалы, «ЮА Трансстрой» ЖШС, «Шығыс Жолы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «УК ТМК» АҚ, «УМЗ» АҚ, ірі кәсіпорындарының жетекшілері,  сонымен қатар түлектердің жақындары қатысты.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі