Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің магистранты Артем Карпец Ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-Планета X» Халықаралық олимпиадасының екі кезеңінің қатал іріктеуінен өтіп, қазақстандық қатысушылар арасында 1 орынға ие болды.

СКБ «Контур» компаниясының қамқорлығымен өткізілген «Бағдарламалау: C#» конкурсы хаттамасындағы 532 қорытынды балы нәтижесі Артемге 6500 қатысушылар арасынан 12 орынға ие болып және олимпиада финалына жолдама алуды қамтамасыз етті.

АКТ саласындағы Х Халықаралық олимпиаданың финалы маусым айында Сочи қаласындағы Ресей халықаралық олимпиадалық университетте өтеді.

Артемге сәттілік тілейміз!

И.Загайнов