Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері Құсайын Әсел Түгелбайқызын («Автоматтандыру және басқару » мамандығының 1 курс магистранты, ғылыми жетекшісі профессор Алонцева Д.Л.) және  Жайлаубаева Камила Алматовнаны («Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының 2ші курс студенті), академик Шахмардан Есенов атындағы республикалық ғылыми-білім қорының ай сайынғы атаулы шәкіртақысына ие болу конкурсына қатысып жеңімпаз болуларымен құттықтаймыз!

Шәкіртақылық конкурс екі турдан тұрады, әрбір турдан кейін үздік студенттер таңдалып алынды. Ол 2017 жылдың 23 қаңтарынанбасталды. Осы жылы конкурсқа қатысуға 392 тапсырыс келіп түсті.  Қатысушылар 50 ден астам университтерден болды, соның ішінде  ҚБТУ, ҚазҰИТУ, Nazarbayev University, Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Сулейман Демирел Университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, Дулати атындағы ТарМУ, Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және т.б..

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері  бұл конкурсқа бірінші рет қатысуда.  20 наурыз бірніші тур қорытындысы бойынша 40 жартылайфиналисттер есімдері хабарланды. 31 наурыз және 1 сәуір күні Алматыда іскерлік тәуелсіз срапшылар мен психологтар өткізген ойын түрінде финалдық тур өтті. Талқылаудан кейін 4 сәуір күні  Фонд сайтында vessenovfoundation.org  конкурс жеңімпаздарының - Шахмардан  Есенов атындағы шәкіртақы иегерлерінің тізімі жарияланды . Негізгі шәкіртақыларының үстінен ай сайын 2017 жылдың сәуір айынан 2018 жылдың наурыз айына дейін 25 мың теңге алатын болады.

- Шәкіртақылық конкурсқа қатысу алдағы мақсаттарға жетуіме серпіліс берді, - Құсайын  Әсел өз тәжірибесімен бөлісті. – екінші тур үлкен әсер қалдырды. Өте қызықты және танымдық түрде өтті. Әржақты , ақылды және жарқын жандармен таныстым. Алдағы болатын конкурстарға қуана қатысатын боламын. Студенттер де қатысып, таланттарын ашып, қабілеттерін көрсетсе деп тілеймін!

- Конкурстың барлық қаьтысушылары өте мықты, - дейді Жайлаубаева  Камила.  -  әрбірінде мақсатқа жету талпыныстары болды.  Өзімді көрсетуге және жақсы адамдармен танысуыма мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Еліміздің зияткерлік потенциалын дамытуға және керемет академик Шахмардан  Есенов атындағы шәкіртақы иегері атағын мақтанышпен алып журуге бар күшімді саламын!

Бұл біздің студенттер үшін тек оқудағы емес өмірдегі жетістік болып табылады.  Бұл жеңістері олардың Қазақстанның ең үздік студенттерінің бірі екенін көрсетеді

Д.Алонцева