ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы қазақстандық полицияның құрылғанына 25 жыл толуына орай «Қазіргі замандағы әкімшілік полициясының қызметі» тақырыбында «ашық сабақ» өткізді.

«Полицияның 25 бастамасы» науқаны аясында әкімшілік полициясы қызметкерлері «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дәріс алып жатқан Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерімен кездесу өткізді.

Мемлекеттік автоинспекциясының мұражайында оқушылар МАИ дамуы және тарихына шолу жасап, жол жүру ережелерінің пайда болуы жағдайларымен және оған енгізілген өзгерістер және толықтырулармен танысты. Студенттерге Өскемен және Семей қалаларында орнатылған алғаш бағдаршамдар көрсетілді. Жастар ерекше қызығушылықпен жылдамдық өлшеу құрылғыларының түрлерін зерделеді.

1997-2013 жылдар кезеңінде жол полициясының дамуы туралы студенттер арнайы әзірленген деректі фильмнен білді. Жол жүруді ұйымдастыру жөніндегі болашақ мамандар қазіргі замандағы әкімшілік полициясы жұмысына өз көздерімен куә бола алды. Студенттерге процессингтеу орталығының жұмысы көрсетілді. Әкімшілік полициясы мамандары тиісті құжаттарды басып пошта конвертіне салғанына дейін көрсетіп, қала көшелерінде бейнебақылау жүйелерімен автоматты түрде анықталған құқық бұзушылықтарды өңдеу үрдісін оқушыларға таныстырды.    

Жоғары оқу орнының оқытушысы Гүлнұр Қонарбаеваның айтуынша өткізілген іс-шара өз мамандығын жол жүруді ұйымдастыру қызметімен байланыстырған студенттерге қазақстандық полициясы жұмысымен танысуға жол ашты. Әкімшілік полициясы кәсібіне кіріспе – бұл тек кәсіби бағдар беру ғана емес, оған қоса заңға бағынатын жол жүру қатысушысын тәрбиелеу.  

Іс-шара соңында оқушылар әкімшілік полициясының жол және техникалық инспекциясы және тіркеу-емтихан бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

Ақгүль Атудинова, ШҚО ІІД ӘПБ