Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастармен кездесу өтті.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаева, Өскемен қалалық экс-депутат Арайлы Есімбекова «Жастар-Отанға!» жобасы аясында жастарды толғандыратын мәселелерді талқылап, сұрақ-жауап алмасты.

Жастар өз кезегінде білім беру және гранттарды бөлу, оқыту үшін жеңілдікті кредиттеу жүйесін енгізу, сондай-ақ, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, қалада бұқаралық спортты дамыту және т.б. тақырыптар төңірегінде сөз қозғады.

#AMANAT#JastarRuhy#Shqo