Университетте Басқарма отырысы өтті. Отырысты Басқарма төрайымы - ректор С.Ж. Рахметуллина жүргізді. Отырыста проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттілік орталықтарының жетекшілері қатысты.

Ресми бөлім басталар алдында Қаржы саласы қызметкерлері күні мен Ұлттық валюта - теңге күніне  орай университет қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жоғары кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және университеттің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бухгалтерия, қаржы-талдау бөлімі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ университет ректорының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары  табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар отырыс күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға кірісті. 2025 жылғы құжат айналымының талдауы және хаттамалық тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуы бойынша Әкімшілік департаментінің директоры Шарипханова Г. баяндама жасады. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен студенттердің халықаралық тілдік сертификатталуы, Тест орталығының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары және 2026 жылға жоспары туралы Орталық жетекшісі Баяндинова Н.  ақпарат ұсынды. «Әр түрлі» бөлімінде өзекті мәселелер қаралды.

Отырыс іскерлік атмосферада өтіп, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.