Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарма отырысы өтті. Отырысты Басқарма төрайымы - ректор Сәуле Жадыгерқызы Рахметуллина жүргізді.
Отырыста проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімдер мен құзыреттер орталықтарының басшылары қатысты.
Күн тәртібіне ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіру, сондай-ақ халықаралық білім беру бастамаларын іске асыруға қатысты өзекті мәселелер енгізілді.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (ВАКР) нәтижелері, анықталған бұзушылықтар, қателіктер мен кемшіліктер туралы мәселе. Баяндаманы университеттің комплаенс-офицері Қ. Мықтыбаев ұсынды.
- Ағылшын тілі бағдарламасы бойынша оқыту барысы және жобаны жалғастырудың келешегі. Баяндаманы Басқарма мүшесі - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А. Сәрсембаева таныстырды.
- Әр түрлі мәселелер.
Отырыстың қорытындысы бойынша ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және университеттің халықаралық білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

