Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің №1 жатақханасында «Заң мен тәртіп» идеологиялық тұжырымдамасы аясында студенттермен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Ұлбі полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полицияның аға лейтенанты Дарибаев Амангелді және полиция инспекторы, аға лейтенант Заманбеков Темірлан қатысты.
Іс-шара барысында жатақханада тұру ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, түнгі тыныштықты сақтау, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік түрлері, айыппұлдар және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге заңнама талаптары мен ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салып, «Заң мен тәртіп» қағидаттары қауіпсіз әрі жайлы тұрмыс ортасын қалыптастырудың, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениетін арттырудың негізі екенін атап өтті.
Іс-шараны жатақхананың тәрбиеші-педагогтары: Темірлан Оралбекұлы, Айнур Муратқызы және Токсанбай Алпамыс Айтказыұлы ұйымдастырды.