2025 жылғы 20 қазанда, Республика күніне орай Өскемен қаласы Жоғары политехникалық колледжінде студенттер арасында қалалық «JASTAR CUP – 2025» пікірсайыс турнирі өтті.

Турнир жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, шешендік өнерін шыңдауға және қоғамдық мәселелерге қатысты өз көзқарасын еркін білдіруге бағытталды. Қаланың белсенді студенттері бас қосқан дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты пікірталастарға толы болды.

Біз үшін ерекше қуанышты жаңалық – колледжіміздің намысын қорғаған Нұрланқызы Гүлнұр мен Әскербек Нұрбек турнирдің финалистері атанып, өздерінің білімділігі мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Олардың белсенділігі, табандылығы және білімге деген құштарлығы – жас буынға үлгі болатын қасиеттер. Бұл жетістік олардың қажырлы еңбегі мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі екені сөзсіз.

Нұрланқызы Гүлнұр мен Әскербек Нұрбекті жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!