Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында «Мейірімді жүрек» облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында облыстық слет өтті.

Іс шара барысында еріктілер жыл көлемінде атқарған жұмыстарын, тың жобаларын, әлеуметтік желідегі белсенді студенттер анықталды.

Қоғамдық бірлестіктер, партия өкілдері, университет өкілдерінен құрылған әділ қазылар алқасы еріктілерді «Үздік волонтерлік қозғалыс», «Үздік жоба», «Әлеуметтік желідегі үздік еріктілер» номинациясы бойынша бағалады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары ІТ колледжінің студенттері әлеуметтік бағыттағы волонтерлік, ІТ еріктілер атты екі бағытты ұстанады. Бұл ретте, ІТ еріктілік мүлдем жаңа бағыт екенін де айта кету керек. Жастар «Үміт» балалар үйін, «Ақ ниет» мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне көмек көрсетсе, Қарттар үйіне жаңа технологияларды меңгеруді үйретеді. Бұдан бөлек, ІТ еріктілер халыққа қызмет көрсету орталықтарында егде жасқа келген зейнеткерлерге жәрдемдеседі.

«Мейірімді жүрек» слетіне 250-ден астам еріктілер, олардың жетекшілері, оқытушылары қатысты. Мұнда жастар тек үздіктерді ғана анықтап қоймай, өз қатарларына жаңадан қосылған жастарға тәжірибелерімен бөліседі.
Слет қорытындысы бойынша келесі оқу орындары үздік деп танылды:

«Үздік ерікті» номинациясына

  • 1 орын - "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі" КМКК
  • 2 орын - "Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі" КМКК
  • 3 орын - "Риддер көпсалалы колледжі" КММ

«Еріктілердің ең үздік жобасы» номинациясына

  • 1 орын - "Риддер аграрлық техникалық колледжі" КМКК
  • 2 орын - "Өскемен құрылыс колледжі" КММ
  • 3 орын - "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі" КММ

«Әлеуметтік желідегі ең үздік еріктілер тобы» номинациясына

  • 1 орын - "Риддер аграрлық техникалық колледжі" КМКК
  • 2 орын - "Өскемен жоғары политехникалық колледжі" КМКК
  • 3 орын - ШҚО ББ"Глубокое аграрлық колледжі" КММ

Жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз! Еріктілер қатарына қосылған жастарға сәттілік тілейміз!

Все фото