Дәулет Серикбаев атындағы ШҚТУ жоғарғы IT-колледжінде кеңес әскерлеріңің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты "Интернационалист жауынгерлер" атты ерлік сабағы өтті. Осы шарада Ауған ардагерлері студенттерге әскери өмірден естеліктер атып олардың сұрақтарына жауап берді. Кеш барысында Жоғарғы IT Колледждің "Жас сарбаздар" клубының мүшелері Калашников автоматын жартылай бөлшектеп жинаудан, оқжатарды жабдықтап жинаудан, суық қарудан қорғану жаттығулар көрсетті.Кеш аяғында Ардагерлерге бастауыш кәсіподақ ұйымынан естелік сыйлықтар тапсырылды.

Ерлік сабағын өткізген Жоғарғы IT Колледждің АӘТД пәнінің оқытушы майор Егембердинов Т.М.

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері, ерліктеріңіз бен жанқиярлықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлестеріңіз ешқашан ұмытылмайды.