30 наурыз күні «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да Бизнес мектебі, Халықаралық инженерия мектебі және Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мектебінің білім алушыларының «Казаэронавигация» РМК өкілдерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы мәселесі бойынша кездесуі өтті.
"Қазаэронавигация" – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі қызметі-қауіпсіз әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету.
Іс-шараның басында қатысушыларға "онсыз ешкім ұшып кете алмайтын" мамандық өкілдері туралы қызықты бейнеролик көрсетілді. Содан кейін Қалқаман Ягудин (ӘҚҚ қызметінің ұшу жетекшісі), Роман Вешкин (РЖБП қызметінің жетекші инженері), Азамат Қасилімханов (метеорологиялық қызметтің инженері), Гүлжан Ғадылбекқызы (персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы), Мадина Дүйсенғұлова (персоналды оқытуды ұйымдастыру бөлімінің маманы) қатысушыларды Қазаэронавигацияға жұмысқа орналасуға қойылатын талаптармен егжей-тегжейлі таныстырды.
Барлық үміткерлердің аяқталған жоғары білімі болуы тиіс. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері (ӘҚҚ) үшін ең маңызды талап – ағылшын тілін білу. ЭРТОС қызметіне (радиотехникалық жабдықтар мен байланысты пайдалану) жұмысқа орналасқысы келетіндер үшін негізгі шарт – электрондық техника саласы бойынша кемінде 1600 сағат көлемінде маманданудың болуы. Ал метеорологиялық қызметке үміткерлерге қойылатын басты талап – жоғары арнайы техникалық білім болуы.
Толық ақпаратты тіркелген презентация мен сайттан қараңыз www.ans.kz "Мансап" бөлімінде.
Сіздің кандидатураңыз мақұлданған жағдайда, Сіз оқу орталықтарында білім, 10 жылдық келісімшарт, лайықты сыйақы, әлеуметтік пакет және мансаптық перспективалар аласыз.
Кездесу достық атмосферада өтті. ШҚТУ-ның бұрынғы түлегі Қалқаман Ягудин өз мысалында диспетчерден ұшу жетекшісіне дейінгі Қазаэронавигациядағы мансаптық жолын айтып берді. Іс-шара соңында студенттер онлайн-форматта викторинаға қатысты, жеңімпаздар естелік сыйлықтар алды, барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.
Өкілдер барлық қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, ШҚТУ білім алушыларын университетті бітіргеннен кейін Қазақстанның беделді және перспективалы азаматтық авиация компаниясына жұмысқа орналасуға шақырды.