24 қаңтар күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да "УКАЗ" АҚ өкілдерінің Халықаралық инженерия мектебінің "Механика және металл өңдеу" 6В07112 білім бағдарламасының 3, 4 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. "УКАЗ" АҚ Қазақстан Республикасы мен ТМД-дағы өнеркәсіптік құбыржол бекіткіш арматурасын өндіру жөніндегі ірі кәсіпорын болып табылады. Кездесуге кадрлар бөлімінің бастығы, бас технолог және өндіріс директоры қатысты. Кәсіпорын қызметкерлері зауыттағы кәсіби қызметтің барлық аспектілері туралы, бос жұмыс орындары мен практикадан өту және кәсіпорында жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, профессор-оқытушылар құрамы машина жасау саласындағы магистратура мен докторантураның ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп дамыту перспективаларын талқылады.

Студенттер өз сұрақтарына толық жауап алды, бұл болашақта жаңадан бастаған мамандардың мансабына жақсы әсер ететіні сөзсіз.

Қауымдастырылған профессор, т.ғ.к.
К.К. Комбаев