Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 13 студенті мен 4 профессор-оқытушылар құрамы халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Орхунның» жеңімпаздары атанды!
«Орхун» бағдарламасы академиялық ұтқырлықты дамытуға, түркі халықтарының университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ білім, тәжірибе және ғылыми жетістіктермен алмасуға бағытталған.
2026 жылы ШҚТУ бұл бағдарламаға алғаш рет қатысып отыр. Қатысудың алғашқы жылында-ақ университеттің студенттері мен ПОҚ мүшелері конкурс іріктеуінен сәтті өтіп, бағдарламаның жеңімпаздары атанды.
Бағдарлама аясында қатысушылар шетелдік серіктес университеттерде білім алып, тағылымдамадан өтіп, кәсіби және академиялық тәжірибесін кеңейтуге, сондай-ақ басқа елдердің білім беру жүйесі мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға табысты оқу, жаңа жетістіктер, жарқын әсерлер мен ШҚТУ-ды халықаралық деңгейде лайықты таныстыруды тілейміз!