Колледжде 287 студенттің қатысуымен әскери-далалық жиындар өтті. Бұл шара жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, тәртіптілігін, ұйымшылдығын қалыптастырып, ел тарихы мен әскери дәстүрлерге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Студенттерді дайындау жұмыстарын көптеген жылдар бойы табысты қызмет атқарып келе жатқан «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы ұйымдастырды. Клуб жетекшісі – АӘжТД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Егембердинов Түрсынбек Мәсәлімұлы. Жүйелі дайындықтың нәтижесінде қатысушылар саптық даярлық, дене дайындығы және командалық үйлесімділік бойынша жоғары деңгей көрсетті.
Саптық байқау барысында студенттер командаларды нақты орындап, ұйымшылдық пен тәртіптің жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шараның ерекше атмосферасын әскери-патриоттық әндердің орындалуы толықтырды. Бұл әндер Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының және жастардың патриоттық бірлігінің символына айналды.
Саптық байқау мен ән байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын — 2-ОД-1к тобы
- 2 орын — 1-ОД-1к тобы
- 3 орын — 5-ОД-1к тобы
Автоматты бөлшектеу және жинақтау бойынша үздік нәтижелер көрсеткен студенттер: Алькенова Аяулым Саятқызы, Жагпаров Ерсін Архатұлы, Базан Ерзат Нұрбекұлы.
Тартылу сайысында үздік атанғандар: Серикпаев Алишер Тимурович, Маутканов Бекарыс Сұнғатұлы, Мұқаш Бекқазы Асхатұлы, Әділбек Темірлан Ерзатұлы.
«Үздік взвод командирі» атағын алғандар: Бәлелғазы Мәдина Асылбекқызы, Разумкова Ксения Кирилловна, Тамбовцев Денис Павлович.
Әскери-далалық жиындар колледждегі тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай іс-шаралар студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, патриоттық санасын қалыптастырып, қоғамға қызмет етуге дайындық пен әскери қызметке деген құрметті нығайтады.







