1 қыркүйек күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, алаңда студенттерді, оқытушыларды және қонақтарды біріктірген мерекелік көңіл-күй орнады.
Іс-шара университеттің құрылымдық бөлімшелерінің дәстүрлі шеруінен, Мемлекеттік Туды енгізуден және Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Алғашқы құттықтау сөздерін студенттерге Университет басқармасының мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректор А.Х. Машекенова, мемлекеттік органдардың өкілдері, соның ішінде ШҚО Жастар ресурстық орталығының өкілдері, сондай-ақ факультет декандары арнады.
Мерекеге ерекше сән берген – талантты студенттердің орындауындағы би және музыкалық қойылымдар орындаушылардың жарқын нөмірлері болды.
Бірінші курс студенттеріне ақжолтай тілектерін университеттің докторанттары мен магистранттары жеткізіп, ұрпақтар сабақтастығын айқындады. Сондай-ақ, жоғары ҰБТ балл жинаған және Президенттік шәкіртақы иегерлерін салтанатты түрде марапаттау – мерекенің күтпеген әрі қуанышты сәтіне айналды.
Шетелдік студенттердің құттықтау сөздері ШҚТУ-дың халықаралық беделінің артып келе жатқанын, университеттің тек республика көлемінде ғана емес, әлемдік білім кеңістігіндегі орнын нығайтып жатқанын көрсетті.
Іс-шара мерекелік фотосессиямен және көңілді дискотекамен түйінделді.
ШҚТУ-дағы оқу жылының алғашқы күні жаңа бастамалардың, үлкен үміттердің және табысқа ұмтылыстың шынайы символына айналды!