Студенттердің әлеуметтік белсенділігі мен патриотизмін, өз Отанына деген азаматтығы мен адалдығын, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отанды қорғауға дайындығын арттыру мақсатында 2023 жылы 4 мамырда Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 78-жылдығына және ҚР Қарулы Күштерінің 31-жылдығына орай саптық және ән орындау бойынша облыстық байқау өтті, оған Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары ІТ колледжінің студенттері қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды.

Сондай ақ, 2023 жылы 11 мамырда - пневматикалық қарудан атудан және Калашников-74 автоматын жартылай бөлшектеп жинаудан Отан қорғаушылар күніне арналған қалалық біріншілік өтті. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ -нің жоғарғы IT колледж командасы жүлделі 2-орынға ие болды.

Команда құрамында Жакупаев Алдияр, 7-ОД-1р, Кабдулда Азали, 3-ОД-1к, Каукенова Арайлым, 2-ОД-1к, Тілеухан Бекзат, 1-ОД-1к студенттері болды.