Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға өз саласының танымал маманы, техника ғылымдарының докторы, Сакарья университетінің (Түркия) жаратылыстану факультетінің доценті, профессор Али Чорух (A. Çoruh / Ali Coruh) келді (H-index: 15). Профессор Али Чорух «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындау және студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шақырылды.

Профессордың материалтану және білім беру саласындағы 40 жылдан астам ғылыми, педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі бар. Сондай-ақ, Scopus, Web of Science бойынша индекстелген халықаралық журналдардағы импакт-факторы жоғары 26 мақаланың авторы, Халықаралық тағылымдамалар мен жобалардың қатысушысы. Білім берудегі цифрлық технологияларды насихаттайтын студенттер мен жас ғалымдардың тәлімгері.

Профессор «Техникалық физика» ББ-ның бакалавр студенттері мен магистраттарына келесі курстар бойынша дәріс өткізбек:

  • «Физикалық зерттеу әдістерінің негіздері»,
  • «Физикалық зерттеу әдістері».

Білім алушылар дәрістер мен практикалық жұмыстар кезінде:

  • ғылыми зерттеудің іргелі принциптері мен заманауи әдістерін меңгереді;
  • аналитикалық ойлауды және егжей-тегжейге назар аударуды дамытады;
  • табысты зерттеу іс-әрекетіне қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

Профессор Али Чорухтың дәрістері – халықаралық тәжірибе жинақтауға, заманауи ғылыми ағымдармен танысуға және оларды болашақ мамандықтарына қолдануға бірегей мүмкіндік.