Күні кеше, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы мен Монаш Университеті проректорлары өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 5 жылға көзделген меморандумға қол қойды.
Екі тарап ынтымақтастықты жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған әрекеттерді орындайды. Ол:

  • (а) студенттер мен докторанттардың академиялық ұтқырлығы;
  • (б) ғылыми жобалардағы бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер;
  • (c) Профессорлық оқытушы құрам ұтқырлығы;
  • (d) студенттердің өндірістік бағдарламасы, оның ішінде зерттеу қызметкерлерімен алмасу;
  • (e) студенттерді, магистранттарды және докторанттарды бірлесіп басқару;
  • (f) қос диплом бағдарламасын әзірлеу;
  • (g) кеңес беру;
  • (h) серіктес университетті жаһандық деңгейге жылжыту;
  • (i) ынтымақтастықтың тараптар өзара келісуі тиіс кез келген басқа салалары.