Бүгін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Казцинк» ЖШС компаниясының өкілдері «Электр энергетикасы» және «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен, жұмыспен қамтудың болашағымен және өндіріс базасында дуальді оқытудан өтудің артықшылықтарымен танысты. Компания өкілдері студенттердің «Казцинк» ЖШС филиалында оқуы туралы айтып берді. Бұл филиалда оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, компания мамандары «Казцинк» ЖШС қолданылатын заманауи технологиялар туралы баяндап, болашақ мамандардың сұрақтарына жауап берді.
Университеттің аймақтағы жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастығы студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл білім сапасын арттырып, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
Бұл кездесу «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» мен «Казцинк» ЖШСарасындағы әріптестікті нығайтудың маңызды қадамы болып, студенттердің кәсіби қалыптасуында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.