Кеше «Ертіс концерт» мекемесінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ кәсіптік бағдар берушілері қала түлектері үшін ауқымды жұмыс жүргізді.

Мектеп бітіруші түлектер оқуға түсу тәртібі, оқу үрдісімен танысып, жоғары оқу орнының оқудан тыс қызметі туралы анықтама алды.

Бұдан бөлек, жоғары сынып оқушыларына білім бағыттары туралы буклеттер таратылып, мансаптық өсім туралы ақпарат алды. Жастар үшін арнайы көрме ұйымдастырылып, университеттің оқу бағдарламаларымен танысты.

Бүгін, ертең студент атанғалы жүрген оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Бұл жұмыстардың аясында жастар мамандықтарын таңдау үшін толыққанды ақпараттандырылды.

  Барлық фото