"Инженер-лингвист" (ағылшын, неміс, қытай) білім беру бағдарламасына қабылдау жарияланды. Оқу мерзімі: 2 жыл, 900 академиялық сағат. Оқудың 1 жылы - 202 000 теңге, бұл 450 академиялық сағат. Яғни, 1 сағаты 450 теңге тұрады. Егер тілдік курстардың 1 сағатының орташа құнымен (1500 теңге) салыстыратын болсақ, мұнда үш есе арзан.

Түсу тәртібі:

Бірінші кезең - жазбаша тестілеу (онлайн)

  • 1) QR код арқылы сайтқа тіркелу немесе сілтеме бойынша өту. /divisions/ipoinot/retrainingregistration.aspx
  • 2) тестілеуден өту үшін поштаға шақыру алу.

Екінші кезең – тұрмыстық, танымал, ғылыми және кәсіби тақырыптарға сұхбаттасу, 10-20 мин. (онлайн - ZOOM платформасында кезектесіп қосылады, оффлайн - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бас корпусындағы аудиторияда санитарлық нормаларды сақтау арқылы).

  • Өтетін күні: 26 және 27 қазан 2020 жыл
  • Қабылдау: 28-30 қазан 2020 ж.
  • Сабақтың басталуы: қараша 2020 ж.

В2 және одан жоғары деңгей/қолданыстағы IELTS сертификаты – 6,0 – ден, TOEFL – 78-ден, Zertifikat Deutsch-B2-ден төмен емес тұлғалар үшін оқыту мерзімдерін қысқартуға болады.

Оқу аяқталған соң Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың қосымша кәсіптік білім беру туралы, "Инженер-лингвист (ағылшын / неміс / қытай тілі)» белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

Байланыс ақпараты:

  • Ipinot2019@gmail.com, ip_i_not@mail.ru
  • 8-7232-70-46-38, 8-777-852-91-37