Дезинфекция - бұл алдын-алу шарасы ғана емес, сонымен қатар патогендік бактериялардан арылудың толық әдісі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша ашық ортада коронавирус бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өмір сүру мүмкін. Ғимараттарды профилактикалық дезинфекциялау вирусты адам ағзасына енгенге дейін жоюға мүмкіндік береді.

Бүгін әскери кафедра қызметкерлері университеттің бас ғимаратында дезинфекциялық іс-шараны өткізді. Жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылып, 300 шаршы метр дәліздер, арнайы және шаруашылық үй-жайлар дезинфекцияланды. 40 литр дезинфекциялық сұйықтық жұмсалды.