Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға «Назарбаев Университеті»  АБҰ делегациясы келіп қайтты. Іс-сапар барысында «АВС Quick Start» стартап жобалары бойынша бағдарламалар көрсетілімі, сонымен қатар университет бойынша экскурсия өткізілді. Қонақтар ШҚМТУ-дың ғылыми-зерттеу кешендері және зертханаларымен танысты. Екі жақ серіктестік пен ынтымақтастық бойынша сұрақтарды талқылады.

АВС Quick Start – аз уақыт аралығында жобанының тиімді және жылдам дамуын болжайтын бизнес-жобаларды ерте мерзімде қолдауға бағытталған бірегей жылдам бағдарлама. Нарыққа жобаның жылдам шығуын қамтамасыз ету үшін барлығы жасалады: инвестиция, инфрақұрылым, эксперттік және ақпараттық қолдау.

Бағдарлама шеңберінде қатысушылар бірегей мүмкіндіктерге ие болады.  Жекелеп қарағанда, инновациялық жобаларды қалыптастыру, жүзеге асыру үшін инвенстицияларды тарту, жаңа өніммен нарыққа шығу.