Цифрлық білім беру ресурстарын, оқу және ғылыми-зерттеу бағыттарын, жаңа озық технологияларды, тәжірибе алмасуды дамыту үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауы аясында тікелей ынтымақтастық байланыстар орнату мақсатында Ш.Есенов ат. КМИТУ (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы) өкілдері Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ға іс-сапармен келді. Кездесуге сондай-ақ С.Аманжолов ат. ШҚМУ-дың жаңа ректоры Мұхтар Төлеген қатысты. Дөңгелек үстел барысында екіжақты  ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қонақтарға арналып зертханалаға, «Үлкен Алтай» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ «Сандық университет» жобасының тұсаукесері өткізілді.

Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі