Халықаралық академиялық ұтқырлықтың «Орхун» бағдарламасы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Istanbul Ticaret University (Түркия) өкілі, «Мехатроника» бағытының оқытушысы Ufuk Şanver-ді қабылдауда.

Тағылымдама «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша өтіп, академиялық және кәсіби тәжірибе алмасуға, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Түркия жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған.

Сапар аясында Ufuk Şanver ШҚТУ студенттеріне қонақ дәрістерін өткізіп, автоматтандыру, басқару және заманауи инженерлік технологиялар мәселелерін қамтыды. Дәрістер білім және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, студенттерге автоматтандыру және басқару саласында мамандар даярлаудың халықаралық тәсілдерімен танысуға жол ашты.

Сонымен қатар тағылымдама барысында Istanbul Ticaret University өкілі ВКТУ-дағы білім беру үдерісімен танысып, бейінді кафедралардың оқытушыларымен өзара тәжірибе алмасып, университеттің академиялық қызметіне қатысуда.

«Орхун» бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық оқытушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, озық тәжірибемен алмасуға және студенттер үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

Istanbul Ticaret University өкілінің сапары  ШҚТУмен Түркия университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ жаңа бірлескен білім беру және академиялық бастамаларды жүзеге асыруға негіз қалыптастыруға ықпал етеді.