Үстіміздегі жылдың мамыр айының орта шенінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде басқарма отырысы өтті. Басқосуда жоғары оқу орнын дамыту мен ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру барысы, студенттермен тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Алқалы жиын барысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысы сөз болды. Жобалар жетекшілері өз жұмыстарындағы жетістіктер мен кездескен қиындықтар жайында баяндап, есеп берді. Сонымен қатар, жобалар бойынша алдағы кезеңге қойылған міндеттер нақтыланды.
Жиын барысында сөз алған университеттің әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің директоры Жақсылықова Бейбітгүл студенттердің мәдениеттілік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Ол жастардың рухани байлығын молайту, мәдени іс-шараларға белсенділігін арттыру сынды бағыттарға басымдық берілетінін атап өтті.
Университет декандары мен басшыларына үндеу жасап даму стратегиясы және сапа менеджменті басқармасының басшысы Аноп Дарья ойын жеткізді. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жадыра Түсіпханқызы жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланатын мақалалар мен шолулар санын арттырудың маңыздылығына тоқталды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс университеттің ғылыми беделін арттырып, әлемдік рейтингтердегі позициясын нығайта түсетіні сөзсіз.
«Ғылыми мақалалардың сапасын арттыру – басты талаптардың бірі» деді ШҚТУ ректоры Сәуле Жәдігерқызы.
Курмангалиева Айнагүл университеттің қабылдау комиссиясының қызметі жөнінде баяндап, талапкерлерге қолайлы жағдай жасау шаралары жайында айтты.
Жиын соңында Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, басқарма мүшесі Арайлы Әлібекқызы сөз сөйлеп, жиынды қорытындылады. Ол университеттің халықаралық серіктестіктерін кеңейту бағытында қолға алынған бастамаларға тоқталып, ШҚТУ-дың білім мен ғылымдағы жаңа биіктерге жету жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті.