Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде университеттің медицина орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ЖИТС орталығының қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға 1–2 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында медицина мамандары АИТВ-ның (адамның иммунитет жүйесін зақымдайтын вирустық ауру) таралу жолдары мен берілу механизмдері, аурудың алдын алу шаралары және емдеудің заманауи әдістері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Ақпарат презентация түрінде беріліп, студенттерге тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік жасалды.

Іс-шара соңында қатысушылар интерактивті викторинаға қатысып, өз білімдерін тексерді. Бұл формат студенттердің қызығушылығын арттырып, алған ақпаратты бекітуге ықпал етті.

Аталған кездесу студенттердің АИТВ және ЖИТС (Жұқтырылған Иммун тапшылығы Синдромы) туралы хабардарлығын арттыруға, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы стигманың алдын алуға бағытталды.

Университетте студенттерді салауатты өмір салтына баулу, АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік пен қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұндай ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізілетін болады. Бұл бастамалар жастардың денсаулыққа саналы көзқарасын қалыптастырып, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.