Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдығына орай республикалық «EKTU CUP-2023» пікірсайыс турнирі өтеді.

Пікірсайыс алаңында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары Британдық Парламенттік Форматта (БПФ) сайысқа түседі. Қазақ лигасында еліміздің түкпір-түкпірінен 32 команда қатысады.

еспубликалық турнирге Астана, Павлодар, Семей қалаларының сөз майталмандары қатысады деп жоспарлануда.

Турнирдің мақсаттары мен міндеттері - жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы толығырақ насихаттау. Сонымен қатар, егеменді, тәуелсіз еліміздің белсенді жастарының «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» идеясы төңірегіндегі ойларын бір арнаға тоғыстыруды көздейді.

Турнирге қатысушыларға сәттілік тілейміз!