2025 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-деД. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бас ғимаратында  ШҚО ТЖ департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – өрт шыққан жағдайда университеттің басшылық құрамы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылардың бірлескен, үйлесімді іс-қимылдарын пысықтау болды.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, қызметкерлер мен студенттерді қауіпсіз аймаққа дер кезінде хабарлау және эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды. Жиналу орны ретінде Технопарк жағындағы алаң белгіленді.

Мектептердің және құрылымдық бөлімшелердің басшылары ғимараттан адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырды. Жиналу орнында қызметкерлер мен студенттердің бар-жоғы тексерілді. Санау нәтижесінде төрт адамның жетіспейтіні анықталды.

Одан әрі өрт сөндіру қызметінің мамандары «шартты зардап шеккендерді» ғимараттан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Іс-шара соңында оқу-жаттығудың қорытындысы шығарылып, оның сәтті аяқталғаны ресми түрде жарияланды.