Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттердің «Казцинк» ЖШС өкілдерімен дуалды оқыту мүмкіндіктеріне арналған кездесуі өтті.
Іс-шараға «Металлургия», «Электр энергетикасы», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Тау-кен ісі», «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының 2–4 курс студенттері қатысты.
«Казцинк» ЖШС өкілдері студенттерге кәсіпорында дуалды оқытудан өту мүмкіндіктері, университеттегі теориялық білімді өндірістік жағдайдағы практикалық даярлықпен ұштастыру ерекшеліктері, сондай-ақ оқу барысында кәсіби тәжірибе жинақтау перспективалары туралы айтып берді.
Кездесу барысында студенттер дуалды оқыту форматы, қатысушыларға қойылатын талаптар және университеттің өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірімен ынтымақтастығы аясында ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толығырақ ақпарат алды.
Мұндай кездесулер студенттерге таңдаған мамандығы бойынша нақты еңбек жағдайларымен танысуға, заманауи өндірістің талаптары туралы түсінік қалыптастыруға және кәсіби практикалық дағдыларын алдын ала дамытуға мүмкіндік береді.
«Казцинк» ЖШС-мен бірге болашақ мансабыңа алғашқы қадам жаса! Түйіндемеңді ШҚТУ Мансап орталығына - Г1-136 кабинетіне әкел.