Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Францияның Қазақстандағы Елшілігінің білім беру және университетаралық ынтымақтастық жөніндегі атташесі Грета Комюр-Тиллуа (Greta Komur-Thilloy) жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында француз университеттерімен ынтымақтастық орнату және академиялық серіктестікті дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған әлеуетті бірлескен бастамаларды қарастыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ қонақ университет зертханасына барып, оның қызметімен, ғылыми-зерттеу бағыттарымен және жүзеге асырылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Кездесу соңында тараптар маңызды деректермен алмасып, болашақтағы ынтымақтастықты дамытуға негіз болатын кәсіби байланыстар орнатты.

ШҚТУ халықаралық серіктестікті кеңейтуге және француз университеттерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.