Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарманың кезекті отырысы университет ректоры, Басқарма төрағасы С. Рахметуллина жетекшілігімен өтті.
Отырысқа проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімшелер мен құзырет орталықтарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде университеттің дамуына қатысты негізгі мәселелер қаралды.
Қос диплом бағдарламаларын әзірлеу және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.Сарсембаева баяндама жасады.
Университеттің QS World University Rankings рейтингіндегі ілгерілеуі мен мониторингі бойынша Стратегиялық даму және сапаны қамтамасыз ету басқармасының басшысы Д. Аноп баяндама жасады.
Кәсіби бағдар беру жұмысының жол картасын іске асыру мәселесі А.Сарсембаева, мектеп декандары және М.Пашков қатысуымен қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға, оның рейтингтегі позициясын арттыруға және кәсіби бағдар беру жұмысын күшейтуге бағытталған басым міндеттер айқындалды.