ШҚТУ мансап орталығы Сәулет, Құрылыс және энергетика мектебінің оқытушыларына "Атом электр станцияларын пайдалану" білім беру бағдарламасының студенттерімен бірлесіп Курчатов қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына экскурсия ұйымдастырды.
Сапардың мақсаты — сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттер орталығының (ТҚСО) қызметімен танысу болды. Экскурсия барысында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ делегациясы ғылыми инфрақұрылымның бірегей нысандарын аралады: EAGLE стенді, КТМ токамағы, Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) тарихы көрме залы және №27 зертханалық корпус.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығына бару оларға атом энергетикасының өзекті даму бағыттарымен, жетекші ғылыми зерттеулермен және инновациялық инженерлік шешімдермен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Болашақ атом мамандары үшін ерекше қызығушылық тудырғаны – отандық ғылым мен инженерияның жоғары деңгейін айқын көрсететін бірегей тәжірибелік қондырғылар болды.
Мұндай көшпелі іс-шаралар кәсіби көкжиекті кеңейтуге ықпал етіп, студенттерге саланың жұмысын тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік және энергетика мен жоғары технологиялар саласында одан әрі дамуға шабыт береді.