2025 жылдың 11 қазанында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Еркін сөз» дебат клубы Республика күніне орай «ЕЛ РУХЫ» атты қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

Турнирге С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Жоғары медициналық колледж, Жоғары ҚАЕУ колледжі, Жоғары политехникалық колледж студенттері, НЗМ оқушылары және ШҚТУ түлектері қатысты. Барлығы 16 фракциядан 32 спикер сынға түсті.

Университетіміздің түлектері және дебат клубымыздың аға буын өкілдері төрелік етіп, ойынның әділ өтуін қамтамасыз етті.

Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар дипломдар мен кубоктармен марапатталды. Жеңімпаздар ретінде Бақыт Баянды мен Дәуренұлы Диас танылды.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және пікірсайыс өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылығымызды жеткіземіз.